Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 15/165 "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қазандағы № 15/115 шешімі

      Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы 2018 жылғы 27 наурыздағы №15/165 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3559 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақтың 12)тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармағының екінші абзацы алынып тасталсын;

      6-тарауы алынып тасталсын;

      "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 9,10,11 қосымшалары алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Е.Махмутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады