Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 202 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 6, 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 15, № 16 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 9 ақпандағы
  № 202 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік-Пушкин көшелерінің шекараларында Летунов көшесі бойынша, Летунов-1 Май көшелерінің шекараларында Пушкин көшесі бойынша мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5800 гектар, өздігінен ағатын канализациялық коллекторды қайта жаңарту үшін;

      2) Қостанай қаласы, Ленинградская, 33 көшесінің-Садовая көшесінің шекараларында, Садовая көшесінің-Гагарин көшесінің шекараларында Ленинградская көшесі бойынша мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,8123 гектар, өздігінен ағатын канализациялық коллекторды қайта жаңарту үшін;

      3) Қостанай қаласы, Лермонтов-Заводская көшелерінің шекараларында Лермонтов 1-ші өтпе жолы, Лермонтов 1-ші өтпе жолының-Набережная көшесінің шекараларында Заводская көшесі бойынша мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,5747 гектар, өздігінен ағатын канализациялық коллекторды қайта жаңарту үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады