Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 93, № 95, № 96, 2024 жылғы 1 наурыздағы № 101 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2024 жылғы 4 сәуірдегі | |
№ 532 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Баймағамбетов-Рудненская көшелерінің шекараларында Комаров көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,0516 гектар, Қостанай қаласында Баймағамбетов-Рудненская көшелерінің шекараларында Комаров көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін;
2) Қостанай қаласы, Карбышев-Арыстанбеков көшелерінің шекараларында Воинов-Интернационалистов көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,6922 гектар, Қостанай қаласында Карбышев-Арыстанбеков көшелерінің шекараларында Воинов-Интернационалистов көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін;
3) Қостанай қаласы, Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,1831 гектар, Қостанай қаласында Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі бойынша Д-500 мм өздігінен ағатын канализация коллекторын қайта жаңарту үшін;
4) Қостанай қаласы, Абай даңғылы-Жамбыл көшесінің шекараларында Сибирская көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1402 гектар, Қостанай қаласында Абай даңғылы-Жамбыл көшесінің көшелерінің шекараларында Сибирская көшесі бойынша су құбырын қайта жаңарту үшін.