Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 534 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 102, № 103, № 108 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 4 сәуірдегі
  № 533 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, Дөненбаева көшесі, (Досжанов көшесі, Достық көшесі), Темірбаев көшесіне дейін Дзержинский көшесінің шекарасында Тәуелсіздік көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,4551 гектар, Қостанай қаласында Тәуелсіздік көшесінің, Дөненбаева көшесінің (Досжанов көшесінің, Достық көшесінің), Темірбаев көшесіне дейін Дзержинский көшесінің шекарасында Тәуелсіздік көшесінің шекарасында өтпежол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін;

      2) Қостанай қаласы, Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейін шекараларда Фролов көшесі бойынша мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 1,2866 гектар, Қостанай қаласында Абай даңғылынан Баймағамбетов көшесіне дейін шекараларда Фролов көшесін қайта жаңарту үшін;

      3) Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, Дөненбаева көшесі, (Досжанов көшесі, Достық көшесі), Перонная көшесіне дейін Майлин көшесінің шекарасында Досжанов көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,9996 гектар, Тәуелсіздік көшесінің, Дөненбаева көшесінің, (Досжанов көшесінің, Достық көшесінің), Перонная көшесіне дейін Майлин көшесінің шекарасында Досжанов көшесінің шекараларында өтпежол құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады