Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 353, № 354, № 355, № 356, № 357, № 358, № 359 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |
Әкімдіктің | |
2024 жылғы 21 тамыздағы | |
№ 1465 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1. Қостанай қаласы, Баймағамбетов-Абай (Баймағамбетов-Жамбыл) көшелерінің шекараларында Хакімжанова көшесі, жалпы алаңы 0,9059 гектар, "Баймағамбетов-Абай (Баймағамбетов-Жамбыл) көшелерінің шекараларында Хакімжанова көшесі бойынша су құбыры, ұзындығы 891 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
2. Қостанай қаласы, Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі, жалпы алаңы 0,9960 гектар, "Лиза Чайкина-Қайырбеков көшелерінің шекараларында Курганская көшесі бойынша канализация, ұзындығы 980 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
3. Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі-Абай даңғылының (Гоголь, 61) шекараларында Гоголь көшесі, жалпы алаңы 0,1212 гектар, "Баймағамбетов көшесі-Абай даңғылының (Гоголь, 61) шекараларында Гоголь көшесі бойынша өздігінен ағатын коллектор, ұзындығы 125,35 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
4. Қостанай қаласы, қазандық 1 көтерілім және қазандық 2 көтерілім, жалпы алаңы 4,2016 гектар, "қазандық 1 көтерілім және қазандық 2 көтерілім су құбыры, ұзындығы 3136 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
5. Қостанай қаласы, Камвольно-суконный комбинат шағын ауданы Герцена-Курганская-Костанайская, жалпы алаңы 2,6204 гектар, "Камвольно-суконный комбинат шағын ауданы Герцена-Курганская-Костанайская канализация, ұзындығы 2793,6 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
6. Қостанай қаласы, Тәуелсіздік-Назарбаев көшелерінің шекараларында Дзержинский көшесі, жалпы алаңы 1,0300 гектар, "Тәуелсіздік-Назарбаев көшелерінің шекараларында Дзержинский көшесі бойынша су құбыры, ұзындығы 1056 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін;
7. Қостанай қаласы, Абай даңғылынан бастап-Маяковский көшесі шекараларында Быковский көшесі, жалпы алаңы 0,3470 гектар, "Абай даңғылынан бастап-Маяковский көшесі шекараларында Быковский көшесі бойынша су құбыры, ұзындығы 349 қ/м" объектісі бойынша инженерлік желілерге қызмет көрсету үшін.