Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 1685 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 124, № 125, № 126, № 127, № 128, № 129 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 26 қыркүйектегі
  № 1685 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0135 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (электрмен жабдықтау) жүргізу үшін;

      2. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0595 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (телефондандыру) жүргізу үшін;

      3. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1413 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (нөсерлік канализация) жүргізу үшін;

      4. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,6677 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (газбен жабдықтау) жүргізу үшін;

      5. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1106 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (канализация) жүргізу үшін;

      6. Қостанай қаласы, "Аэропорт" шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,1791 гектар, "Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Аэропорт шағын ауданында 900 орынға арналған орта жалпы білім беретін мектепке инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау) жүргізу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады