Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 1847 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 441, № 442, № 443, № 444, № 445, № 446 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Жүндібаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы 15 қазандағы
  № 1847 қаулысына
  қосымша

"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

      1. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0792 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (сыртқы байланыс желілері) жүргізу үшін;

      2. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0234 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (жылумен жабдықтау) жүргізу үшін;

      3. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0520 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (ЭБЖ) жүргізу үшін;

      4. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0160 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (канализация) жүргізу үшін;

      5. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0417 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (газбен жабдықтау) жүргізу үшін;

      6. Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0180 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 124 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды (сумен жабдықтау) жүргізу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады