Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 474, № 475 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:
"Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында ЕТЖЖ бойынша № 157 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,1259 гектар;
"Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында ЕТЖЖ бойынша № 156 9 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,1523 гектар.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Жүндібаев |