Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2024 жылғы 20 мамырдағы № 2 шешімі. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімінің 16.07.2024 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Рудный қаласындағы мешіт маңындағы лог ауданындағы Ленин көшесіндегі автомобиль жолының учаскесінде объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Рудный қаласы әкімінің орынбасары Т.С. Сақтағанов тағайындалсын және объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізуді тапсырсын.

      3. "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады