"Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 706 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      Рудный қаласы, Парк көшесі, № 3 автокөлікжай қоғамы ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,04 га;

      Рудный қаласы, Парк көшесі, БКСС ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,04 га;

      Рудный қаласы, Жантеміров көшесі, қалалық мәйітхана ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,12 га;

      Рудный қаласы, Свердлов көшесі, № 60 а үй ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,063 га;

      Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі, № 6 автокөлікжай қоғамы ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,084 га;

      Рудный қаласы, Топорков көшесі, ЖЭО ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1575 га;

      Рудный қаласы, Ленин көшесі, № 68 үй ауданы мекенжайы бойынша сумен жабдықтау және кәріз желілерінде жер жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,2 га;

      Рудный қаласы, Қашар көшесінен П. Корчагин көшесіне дейінгі Н.Ф. Сандригайло көшесі мекенжайы бойынша көше су құбырын қайта жаңарту және пайдалану мақсатында көлемі 0,6316 га;

      Рудный қаласы, Қашар көшесінен Мир көшесіне дейінгі П. Корчагин көшесі мекенжайы бойынша көше су құбырын қайта жаңарту және пайдалану мақсатында көлемі 0,9478 га;

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады