Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 732 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

  Рудный
  қаласы әкімдігінің
  2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 732 қаулысымен
  бекітілді

Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Мекеме) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің мынадай ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) "Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Спутник-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 үй, пошталық индексі 111500.

      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) Рудный қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жолаушылар тасымалын реттеу және үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      3) Рудный қаласы халқының қолжетімді және сапалы тұрғын үй, коммуналдық, көлік, жол қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру;

      4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

      5) Мекеменің қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Мекеменің мүдделерін білдіру;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

      қатысады:

      бюджеттік бағдарламаларға сәйкес абаттандыру бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды (есептерді) әзірлеуге;

      Мекеменің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша қала бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін айқындауда барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қала аумақтарын абаттандыру бойынша жоғарыда аталған қызметтерді конкурстық негізде сатып алуды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтайды;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды;

      Мекемеге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      2) Коммуналдық меншіктегі су бұру, сумен жабдықтау жүйелерінің және жылу желілерінің жұмыс істеуі және оларды пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      3) коммуналдық меншіктегі жылу энергетикалық жүйені дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      4) көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен);

      5) такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      6) "Иесіз" мүлік ретінде есепке қою және меншік иелері қалдырған коммуникацияларды сот тәртібімен мемлекеттік коммуналдық меншікке ауыстыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      7) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

      8) Мекеменің балансында тұрған автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру бойынша қызмет көрсету;

      9) жеке және заңды тұлғаларға жер жұмыстарын жүргізуге ордерлер беру бойынша қызмет көрсету;

      10) ұсталған көлік құралдарын сақтауға арналған арнайы алаңдар мен тұрақтарды күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      12) қала аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;

      13) ортақ пайдаланылатын жерлерде жасыл желектерді кесуге (қайта егуге) рұқсат беру;

      14) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау, жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      15) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу;

      16) туысы жоқ адамдарды жерлеу орындарын, қалалық зираттарды, скверлерді, саябақтарды, жағажайларды күтіп - ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      17) қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазарту, қаланы көгалдандыру, жасыл желектерді сақтау және қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      18) құзыреті шегінде және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтер көрсету;

      19) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкінің құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдау;

      20) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, маршруттарды бекіту жөніндегі жұмыстар, оларға қызмет көрсету құқықтарында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу және Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес маршруттар бойынша олардың қозғалыс кестесін бекіту;

      21) Мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      22) төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша ықтимал азайту, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы апаттарды жою және (немесе) төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде дереу шаралар қабылдау;

      23) апаттық жағдайлар және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қабылдау;

      24) табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) директорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады:

      "Рудный жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Рудненский водоканал" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Спутник-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) Мекеменің барлық қызметкері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) Мекеме және ведомстволық бағынысты мекемелер қызметкерлерінің белгіленген саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегінде штат кестелерін бекітеді;

      7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және Мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

      8) өз құзыреті шегінде Мекеменің қаражаты мен мүлкіне билік етеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады