Арқалық қаласы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 04 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 12 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі қалалық комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 8 хаттамасына сәйкес Арқалық қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Арқалық қаласы әкімінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 04 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімнің Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады