Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне елді мекендердің жері санатынан Лисаков қаласының шекараларында жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жалпы алаңы 5948,7 гектар жер учаскесіне 2026 жылдың 28 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |