Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | К. Мухамадиева |
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 18 желтоқсандағы | |
№ 135 шешіміне | |
қосымша |
Лисаков қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған халық үшін тарифтер
Атауы | Жылына 1 тұрғынға жинақтау нормасы м3 | Есептік бірлік | ҚТҚ қызметінің құны (ҚҚС-сыз теңге) | Барлығы (ҚҚС-сыз теңге) | ||
Жинау, тасымалдау | Көму | Сұрыптау | ||||
Жайлы иеліктегі үйлер | 1,57 | 1 тұрғын, айына | 156,51 | 225,33 | 122,96 | 504,80 |
Жайсыз иеліктегі үйлер | 1,40 | 139,57 | 200,93 | 109,64 | 450,14 | |
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф | - | 1 м3 | 1196,28 | 1722,29 | 939,79 | 3858,36 |