Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 330 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамына елді мекендердің жер санатынан 2027 жылғы 23 мамырға дейінгі мерзімге жалпы алаңы 557,42 гектар Лисаков қаласының шекараларында жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша операцияларды жүргізу үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады