"Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 439 қаулысы

      Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы қаулымен бекітілген "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағынысты мекемелері бар:

      1) "Жатақхана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаковқалакоммунэнерго" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      15-тармақтың 16) тармақшасы алынып тасталсын;

      15-тармақтың 19) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "19) Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаковқалакоммунэнерго" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорын, "Жатақхана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорын қабылдау және жұмыстан шығару;".

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауын;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмелер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады