Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жаңа редакцияда баяндалған қоса берілген Ереже бекітілсін.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Ибраев |
Лисаков | |
қаласы әкімдігінің | |
2024 жылғы 22 қазандағы | |
№ 464 қаулысымен | |
бекітілді |
"Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 – бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленген жастар ресурстық орталықтары туралы Үлгілік ережеге (бұдан әрі - Үлгілік ереже) сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң) және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі - Ресурстық орталық) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Ресурстық орталық жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, кеңестік сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
3. Ресурстық орталықтың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.
4. Жастар ресурстық орталығы жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылды.
5. Ресурстық орталықты құру, оның қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.
6. Ресурстық орталықтың өз мөртаңбасы, мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкта есеп айырысу шоттары болады.
7. Ресурстық орталық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
8. Ресурстық орталық өз қызметін орталықпен ортақ мақсаттары, міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
9. Ресурстық орталықтың толық атауы: "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
10. Ресурстық орталықтың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, пошта индексі 111200, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, Мир көшесі, 31 үй.
2-тарау. Ресурстық орталықтың міндеттері, функциялары
11. Ресурстық орталық жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға кеңестік қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.
12. Ресурстық орталықтың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.
13. Ресурстық орталықтың қызметі өз ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.
14. Ресурстық орталықтың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.
15. Мақсатқа жету үшін Ресурстық орталық келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
1) әлеуметтік-мәдени өмірде, шығармашылық, кәсіпкерлік, тұлғалық дамуда, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді және үкіметтік емес секторды тарта отырып, ұйымдаспаған жастармен жұмыс істеуде жастардың жеке бастамаларын қолдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
2) жастар бірлестіктерін, бастамашылық топтарды, жастардың өзін-өзі басқаруының әртүрлі нысандарын ұйымдастыру және қолдау;
3) жергілікті деңгейде жастар арасындағы жағдайға мониторинг жүргізу;
4) жастардың республикалық жобалар мен бағдарламаларға қатысуы бойынша консультациялар;
5) жастар саясатын жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу;
6) түрлі мәдени-ойын-сауық іс-шараларын, фестивальдар, форумдар, семинарларды өткізу;
7) кәмелетке толмағандарға және басқа да жастар өкілдеріне, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға психологиялық-педагогикалық, заңгерлік және өзге де көмекті жүзеге асыру және кеңес беру;
8) облыстың басқа да ұқсас мекемелерімен байланыс және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
9) қолданыстағы заңнама шеңберіндегі өзге де қызметтер.
16. Ресурстық орталыққа қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Ережеде бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
17. Ресурстық орталық қызметтің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:
- жастарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;
- soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу – түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;
- жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:
- өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі;
- өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:
- цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;
- жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;
4) жастарға психологиялық көмек көрсету;
- психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;
- жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
- жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру;
5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:
- жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;
- жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;
- жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;
- жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.
6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
- кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
- жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;
- жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
7) жастар ортасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:
- волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;
- жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;
- жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;
- волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;
- жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.
8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:
- отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;
-некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;
- қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.
9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:
- жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;
- іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;
-жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;
-жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;
- жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.
10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:
- жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;
- жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
- жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
- жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.
11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;
12) үздік тәжірибелер каталогын құру;
13) ресурстық орталықтың қызметін жарықтандыру;
14) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы үлгілік ережеге қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.
Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
3-тарау. Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру
18. Ресурстық орталықтың басшысы Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, "Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Ресурстық орталықтың басшысы облыстың ресурстық орталығының келісімі бойынша тағайындалады.
20. Ресурстық орталықтың басшысы жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы органның басшысына тікелей бағынады және оларға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.
21. Ресурстық орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және ресурстық орталық қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Үлгілік ережеде айқындалатын өздерінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Ресурстық орталықтың қызметін жүзеге асыру кезінде басшы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Ресурстық орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық ұйымдарда Ресурстық орталықтың мүдделерін білдіреді;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шеңберде мүлікке билік етеді;
4) шарттар жасайды;
5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) Ресурстық орталықтың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.
23. Ресурстық орталықтың басшылық лауазымдарына жоғары немесе арнайы орта білімі бар адамдар жіберіледі: гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар және жастармен жұмыс тәжірибесі.
24. Ресурстық орталық басшысы болмаған кезеде оның міндеттерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.