Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" ММ қоғамдық сервитут беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 67 өкімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына сәйкес:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының, Мариям Хәкімжанова атындағы ауылдық округ аумағында Коскудук ауылында, орналасқан жалпы ауданы 1,8 гектар жер учаскесіне газ тарату желілерін пайдалану және төсеу үшін, жер учаскесін 48 жыл мерзімге қоғамдық сервитут "Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілсін.

      2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Утебасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады