"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 142 қаулысы

      Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7531 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:

      1) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 25 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 57 (елу жеті) теңге 52 (елу екі) тиын мөлшерінде;

      2) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі, № 21 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 77 (жетпіс жеті) теңге 4 (төрт) тиын мөлшерінде;

      3) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 19 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде;

      4) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 17 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 87 (сексен жеті) теңге 64 (алпыс төрт) тиын мөлшерінде;

      5) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М.Маметова көшесі № 23 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 108 (жүз сегіз) теңге 21 (жиырма бір) тиын мөлшерінде;

      6) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 5-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде;

      7) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 7-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде;

      8) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 46 үй 8-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 83 (сексен үш) теңге 73 (жетпіс үш) тиын мөлшерінде;

      9) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Божманов көшесі № 10 үй 2-пәтер, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 65 (алпыс үш) теңге 13 (он үш) тиын мөлшерінде;

      10) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Торғай көшесі № 6 үй мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 54 (елу төрт) теңге 49 (қырық тоғыз) тиын мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының қол қойылған күнінен бастап бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша филиалы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде көшірмесін жолдауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. Ғаниев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады