Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы Амантоғай ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, "Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 86 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде ШЕШТІМ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан Амангелді ауданы, Амантоғай ауылдық округі, Амантоғай ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (кәріз) салу үшін жалпы алаңы 0,0004 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Амангелді ауданының Амантоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амантоғай ауылдық округінің әкімі Ж. Илиясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады