"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауылы жолаушыларын "Сигнал дүкені" - Орталық – Аудандық аурухана – ДСУ 20" № 1 маршрутына, "Әулиекөл – Аманқарағай – Әулиекөл" № 2 маршрутына әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға 100 теңге мөлшерінде тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
Д. Қойшыбаев