Шектеу іс-шараларын тоқтату және Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 2 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 01-22/65 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі Новоселов ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 18 тамыздағы № 6 шешімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185160 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Новоселов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Руспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің этанондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      А. Әлмағамбетова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Қостанай

      облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      департаменті Әулиекөл

      аудандық санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ Ж. Тургумбаев

      2024 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы
  министрлігі Ветеринариялық
  бақылау және қадағалау
  комитетiнiң Әулиекөл
  аудандық аумақтық
  инспекциясы" мемлекеттік
  мекемесі басшысы
  ___________ А. Тайшибаев
  2024 жылғы "___" _______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады