Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 мамырдағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 2 Әулиекөл ауданы жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияның отырысы хаттамасынан үзінді көшірмесінің негізінде Чернигов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жалпы көлемі 12,2563 гектар Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Чернигов ауылының аумағында ораналасқан жер учакесіне жеткізу газ құбырын пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Чернигов ауылдық округінің әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелері нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Чернигов ауылдық округінің әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      М. Нұғыманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады