"Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 19-бабына, 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Денисов ауданының Перелески ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы, Денисов ауданы, Перелески ауылы, Школьная көшесі, Юбилейная көшесі, Новая көшесі, Центральная көшесі мекенжайында орналасқан, ауданы 0,1837 гектар болатын 48 (қырық сегіз) жазғы жер учаскесіне "Қостанай облысы, B2G сегменті үшін ВОЛС құрылысы" объектісі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу, қызмет көрсету және пайдалану үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жария сервитут белгіленсін.

      2. "Перелески ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданының Перелески ауылы әкімі аппаратының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Перелески ауылының әкімі Е. Шулика

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады