Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 251-ЖҚГЗ жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, аланы 12595,9 гектар жер учаскесінде жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2026 жылғы 28 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "ERG Exploration" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денисов аудан әкімі | Қатпаев Р.Ж. |