"АХ-СУЛ" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Әйет ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 8 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес және 2020 жылғы 6 тамыздағы № 729-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде, Әйет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "АХ-СУЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Әйет ауылдық округінің Әйет ауылы аумағында орналасқан, жалпы аланы 89,9452 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында 2026 жылғы 6 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "АХ-СУЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.

      3. "Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әйет ауылдық округінің әкімі И. Скубилова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады