Карантинді тоқтату және Свердлов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 27 тамыздағы № 11 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Денисов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндет атқарушының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 01-27/542 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Свердлов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 9 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап жұмыс бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондык түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республилық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актилерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Свердлов ауылдық округінің әкімі Г. Макаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады