"Қазақтелеком" Акционерлік Қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы Қарабатыр ауылы әкімінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 10-ш шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19 бабына, 69 бабтың 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35 бабына сәйкес Қарабатыр ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" Акционерлік Қоғамына Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылы, Комсомольская көшесі 21 мекенжайы бойынша орналасқан жалпы ауданы 0,3091 га, жер учаскесіне шектеулі мақсатты пайдалану құқығы берілсін, В2В сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Қамысты ауданы әкімдігінің "Қарабатыр ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдансын;

      2) Осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады