Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес аудан әкімі Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауылы Қамысты ауылдық округі (Ержанова көшесі – 0 ,0137 га, Ленин көшесі – 0,0032 га) "Талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту, күтіп ұстау және пайдалану мақсатында B2G сегменті үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Қостанай облысы Қамысты ауылы аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0169 га жер учаскелеріне 3 (үш) жыл мерзімге шектеулі нысаналы пайдалану (мемлекеттік сервитут) құқығы белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау және Эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн, осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Мендаулетов |