Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына 71-1-бабына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылдық округі аумағында орналасқан "берілген геологиялық телім шегінде қатты пайдалы қазбаларға барлау жұмыстарын жүргізу" мақсатында, "Кешенді геологиялық-экологиялық экспедиция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы көлемі 30 гектар жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) мерзімі 11 айға құрылсын.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау және Эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
2) Осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Мендаулетов |