Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 192 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 20) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 159-бабына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлелеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қоса берілген Жарғысы бекітілсін.

      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан акімі Р. Халықов

  Қарабалық
  ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы "12" желтоқсан
  № 192 қауылысымен
  бекітілген

"Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

      Қарабалық кенті

      2024 жыл

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің түрі: Коммуналдық.

      3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қарабалық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "12" желтоқсан № 192 қауылысымен құрылды.

      4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қарабалық ауданының әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшы) болып табылады.

      5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      Мемлекеттік тілде: "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Центр развития массового спорта" отдела физической культуры и спорта акимата Каралыкского района".

      Қысқартылған атауы: "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" КММ;

      КГУ "Центр развития массового спорта" отдела физической культуры и спорта акимата Карабалыкского района".

      6. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді; коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітеді; Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның ұсынысы бойынша Құрылтайшы енгізеді. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты оған қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      8. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 16. Пошта индексі: 110900

2. Комуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және комуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

      10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

      13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: Дене шынықтыру және спорт, туризм саласындағы өндірістік шаруашылық қызметте спорттық сауықтыру объектілерін, мәдениет және және демалыс саяжайларын пайдалану.

      14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың денсаулығын нығайту негізгі құралдарының бірі ретінде азаматтардың дене және рухани күштерін қалпына келтіру үшін жағдайлар жасау, туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және бұқаралық, кәсіби спортты дамыту болып табылады.

      15. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) спорттық алаңдар, тренажер залдарын, мұз айдындары, шаңғы базаларын құру және қызметін ұйымдастыру;

      2) спорттың барлық түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру, оқу-жаттығу жиындарын өткізу;

      3) профильді қызметтік мақсатында, стадионды, спортзалдарды жалға беру бойынша қызметтер көрсету (чемпионаттардың шеңберінде және облыстық, аудандық және т.б. жарыстарда).

      16. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органының, немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару

      18. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады: "Қарабалық ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ.

      19. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

      2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      4) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) жобасын дайындап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, коммуналдық мемлекеттік мекеменің шешімдерін қабылдау тәртібін анықтайды;

      6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      7) коммуналдық мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

      8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

      10) коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

      11) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      20. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын тиісті саланың уәкілетті органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының іс-әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      24. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық мемлекеттік мекеменің:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) коммуналдық мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындалған коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      10) кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін жауапты болады;

      11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

      25. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық ммлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың құралады:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.

      26. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның бюджетінен қаржыландырады.

      29. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      30. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

      31. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

      Әкімшілік сектордың жұмыс уақыты режимі дүйсенбіден жұмаға дейін: сағат 9:00 бастап, 18:30 дейін, түскі үзіліс сағат 13:00 бастап 14:30 дейін, дүйсенбіден жексенбіге дейінгі секциялық жұмыстар: сағат 9:00 бастап, 22:00 дейін.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      32. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.

8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      33. Коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізіледі.

      34. Коммуналдық мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

      35. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы органның жүзеге асырады.

      36. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

      37. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады