"LB Minerals Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 219 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 2847-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "LB Minerals Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы ауданы 203,3055 гектар жер учаскесіне 2030 жылғы 13 қыркүйекке дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Халықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады