"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 наурыздағы Қостанай ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының № 3 хаттамасына сәйкес ШЕШТІ:
1. Қостанай ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы "Қостанай ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 5 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Б. Танжариков |