Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай ауданының Озерный ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Қостанай ауданың Озерное ауылында газ тарату желілеріне құрылысы" жобасы бойынша салынған газ құбырын пайдалану үшін, Озерный ауылдық округінің, Озерный ауылының аумағында орналасқан, көлемі 9,6700 гектар жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Бермухамедов |