Арнайы құқық субъектісі "Жасыл даму" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2024 жылғы 4 маусымдағы № 119-Ө бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің келісімі негізінде (13.05.2024 жылғы ПИ-106229) БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған арнайы құқық субъектісі "Жасыл даму" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің м.а. Н. Шәрбиев

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің
2024 жылғы 4 маусымдағы
№ 119-Ө бұйрығы
бекітілген

"Жасыл даму" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметпен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде климаттың өзгеруі, қауіпті қалдықтармен және тұрақты органикалық ластағыштармен жұмыс істеу саласындағы халықаралық жобаларды іске асыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады