Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи |
|
ресурстар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына 1-қосымша |
Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтерге арналған бағалар
Ескерту. Бағалар жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.04.2025 № 104-Ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Орман орналастыру жұмыстарының атауы | 1 гектардың бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз) |
Дайындық жұмыстары | ||
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 74,9 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 55,8 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 10,3 |
Далалық жұмыстар | ||
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 1053,3 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 734,8 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 94,8 |
Камералдық жұмыстар | ||
1. | I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар) | 346,8 |
2. | II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар) | 262,7 |
3. | III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар) | 25,8 |
№ | Орман орналастыру жұмыстарының атауы | 1 орман иеленушінің бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз) |
1 | Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу | 80 000 |
2 | Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу | 45 000 |
№ | Орман орналастыру жұмыстарының атауы | Интерактивті қартадағы 1 нүктенің бағасы, теңге (ҚҚС есебінсіз) |
1 | Орман мониторингі | 168,1 |