Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №633 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрық қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және бюджеттік саясаты басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы |
|
№ 301-Ө бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормалары
№ р/с | Таратылу саласы, лауазымның атауы | Жабдықтың атауы | Саны | Өлшем бірлігі | Қызмет ету мерзімі/пайдалану мерзімі | Техникалық сипаттама | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
1 | Орталық мемлекеттік орган басшылығы, басшының қабылдау бөлмесі, орталық мемлекеттік органның Департамент басшылығы, директордың орынбасары, орталық мемлекеттік органның басқарма басшысы,орталық мемлекеттік органның бас сарапшысы, орталық мемлекеттік органның сарапшысы | компьютерлік пернетақта | 1 | дана | 4 жыл | сымды (USB), қазақ/орыс/ағылшын | өндірістік қажеттілік жағдайында, 1 қызметкерге | |
2 | компьютерлік тінтуір | 1 | дана | 4 жыл | оптикалық, сымды (USB) | өндірістік қажеттілік жағдайында, 1 қызметкерге | ||
3 | принтерге арналған картридж | 10 | дана | 1 жыл | бірегей және үйлесімді | принтердің техникалық сипаттамасына сәйкес | ||
4 | түрлі-түсті принтерге арналған картридж | 10 | жиынтық | 1 жыл | бірегей және үйлесімді | принтердің техникалық сипаттамасына сәйкес | ||
5 | ауыз су | 1000 | дана | 1 жыл | газдалмаған, ауыз су, көлемі 0,250 л, шыны бөтелкеде | өндірістік қажеттілік жағдайында | ||
6 | қабырға сағаты | 1 | дана | 7 жыл | корпус: ЛАЖП немесе АТП, пластик, металл; түрі: қабырғалық | 1 кабинетке | ||
7 | компьютерге арналған микрофон | 1 | дана | 2 жыл | конденсаторлық, үстел үсті | 1 қызметкерге | ||
8 | компьютерге арналған колонкалар | 1 | жұп | 3 жыл | сымды (USB), стерео | 1 қызметкерге | ||
9 | айна | 1 | дана | 7 жыл | едендік, қабырғалық; багет материалы: табиғи ағаш, ЛАЖП (ламинатталған ағаш-жаңқа плитасы) немесе АТП (ағаш талшықты плита), пластик, металл | 1 кабинетке | ||
10 | тінтуірге арналған кілемше | 1 | дана | 2 жыл | су өткізбейтін, көп бейінді | 1 компьютерге | ||
11 | HDMI кабелі | 1 | дана | 5 жыл | аудио-бейне-стерео белгі беру үшін | 1 компьютерге | ||
12 | принтерге арналған USB кабелі | 1 | дана | 5 жыл | құрылғылар арасында қосылу | 1 принтерге | ||
13 | мониторға арналған KVM кабелі | 1 | дана | 9 жылға дейін | құрылғылар арасында қосылу | 1 мониторға | ||
14 | KVM switch (қосқыш) | 1 | дана | 4 жыл | қашықтан басқару түймешігі | 2 жүйелік блок болған кезде | ||
15 | интернетке арналған желілік кабель | 1 | бобина | 2 жыл | оптикалық | өндірістік қажеттілік жағдайында | ||
16 | желілік сүзгіш | 1 | дана | 3 жыл | жерге тұйықталуы бар еуростандарт | 1 компьютерге | ||
17 | АА батарейкасы | 1 | дана | 2 жыл | саусақтық | өндірістік қажеттілік жағдайында | ||
18 | ААА батарейкасы | 1 | дана | 2 жыл | шынтақтық | өндірістік қажеттілік жағдайында | ||
19 | коммутатор | 1 | дана | 3 жыл | желіден, сыртқы адаптер арқылы | 1 қызметкерге | ||
20 | қуаттану блогі | 1 | дана | 3 жыл | компьютердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін | 1 компьютерге | ||
21 | ту тұғыры | 1 | дана | 3 жыл | едендік, металл, түсі: алтын | басшының 1 кабинетіне және мәжіліс залдарға | ||
22 | автокөлікке арналған дөңгелек | 1 | жиынтығы (4 дана) | 4 жыл | жаздық | 1 автокөлікке | ||
23 | автокөлікке арналған дөңгелек | 1 | жиынтығы (4 дана) | 4 жыл | қыстық, тікенекті | 1 автокөлікке | ||
24 | ролл-перделер | 1 | ш.м. | 7 жыл | материалы: полиэфирлі мата; сатин тоқуы; жарық өткізгіштігі: 70%-дан аспайтын; тығыздығы: 300 г/м2-ден аспайтын; түрі: тік, көлденең | 1терезеге жұмсалатын материал шығысы есебінен | ||
25 | ілгіш | 1 | дана | 7 жыл | түрі: едендік, пішінді ілгіш-иықтар; материалы: ЛАЖП немесе АТП, пластик, металл | 1 қызметкерге |