Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 304-ө бұйрығымен бекітілген |
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Звено | Деңгей | Лауазымдар атауы |
"А" блогы (басқару персоналы) | ||
А1 | 1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшылары |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары | |
2 | Облыстық маңызы бар КММ және МКК басшысы | |
2-1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК, КММ, МКҚК басшысының орынбасары | |
А2 | 1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері, бас экономисті, бас инженері, филиал директоры, құрылымдық бөлімшесінің (басқарманың, бөлімнің, сектордың, топтың, қызметтің, орталықтың) басшысы |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары, филиал директорының орынбасары, құрылымдық бөлімшесі (басқарма, бөлім, сектор, топ, қызмет, орталық) басшысының орынбасары, орманшылық басшысы (орманшы), орман орналастыру өндірісінің басшысы | |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК, КММ, МКҚК бас бухгалтері, бас экономисі | |
2-1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК, КММ, МКҚК бас бухгалтерінің орынбасары | |
А3 | 1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК авиациялық звено командирі, өндірістік-ұшу қызметінің бастығы, инспекторлық қызметтің бастығы, авиациялық-өрт қызметінің бастығы, республикалық диспетчерлік қызмет бастығы, орман орналастыру өндірісі басшысының орынбасары, орман орналастыру партиясының бастығы, бас аңшылықтанушы, орманды күзету және қорғау жөніндегі бас инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі бас инженері), орман шикізаты ресурстары бас инженері (орман пайдалану бас инженері), орманды қалпына келтіру жөніндегі бас инженері (ормандарды қалпына және орман өсіру жөніндегі инженері), бас инженер орман патологы, орман кадастры бас инженері, орман шаруашылығының бас инженері, рекреация және туризм жөніндегі бас инженері, экологиялық ағарту жөніндегі бас инженері, орман тұқымдағының басшысы, орман өрт сөндіру стансасының басшысы, мұражай меңгерушісі, бас механигі |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК орманшылық басшысының орынбасары (орманшының көмекшісі), аға таксатор инженері, авиациялық бөлімшенің бастығы | |
2 | Облыстық маңызы бар МКҚК, КММ филиал басшысы, құрылымдық бөлімшесінің (басқарма, бөлім, сектор, топ) басшысы, орман тұқым бағының басшысы, орманшылық басшысы (орманшы), бас механигі | |
2-1 | Облыстық маңызы бар МКҚК, КММ орман өрт сөндіру станциясының басшысы, орманды күзету және қорғау жөніндегі бас инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі бас инженер), орман шикізаты ресурстары бас инженері (орман пайдалану бас инженері), орманды қалпына келтіру жөніндегі бас инженер (ормандарды қалпына және орман өсіру жөніндегі инженер), бас инженер орман патологы, орман шаруашылығының бас инженері, орман кадастры жөніндегі бас инженер, рекреация және туризм жөніндегі бас инженер, экологиялық ағарту жөніндегі бас инженер, табиғатты пайдалану жөніндегі бас инженер, орманшылық басшысының орынбасары (орманшының көмекшісі), құрылымдық бөлімшесі (басқарма, бөлім, сектор, топ) басшысының орынбасары, филиал басшысының орынбасары | |
"B" блогы (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер | |
3 | Аға ғылыми қызметкер | |
4 | Ғылыми қызметкер | |
5 | Кіші ғылыми қызметкер | |
В2 | 1 | Жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі инженері), орман шикізаты ресурстары инженері (орман пайдалану инженері), орманды қалпына келтіру жөніндегі инженері (ормандарды қалпына және орман өсіру жөніндегі инженері), инженер орман патологы, орман кадастры инженері, экологиялық ағарту инженері, орман шаруашылығының инженері, орман (учаске) шебері, экскурсия жүргізуші, аумақ қорғау инспекторы, орманшы (инспектор), диспетчер, инспектор, аңшылықтанушы, биолог, орнитолог, ихтиолог, рекреация және туризм маманы, экологиялық ағарту маманы, ұшу-өндірістік қызметінің инспекторы, инженер (ұшу аппараттарын пайдалану бойынша), авиациялық өрт сөндіру командасының нұсқаушысы, авиациялық өрт сөндіру тобының нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, республикалық диспетчерлік қызметтің диспетчері, инженер-инспектор, картограф, өрт сөндіру-десанты, инженер-таксатор |
2 | Бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі инженері), орман шикізаты ресурстары инженері (орман пайдалану инженері), орманды қалпына келтіру жөніндегі инженері (ормандарды қалпына және орман өсіру жөніндегі инженері), инженер орман патологы, орман кадастры инженері, экологиялық ағарту инженері, орман шаруашылығының инженері, орман (учаске) шебері, экскурсия жүргізуші, аумақ қорғау инспекторы, орманшы (инспектор), диспетчер, инспектор, аңшылықтанушы, биолог, орнитолог, ихтиолог, рекреация және туризм маманы, экологиялық ағарту маманы, ұшу-өндірістік қызметінің инспекторы, инженер (ұшу аппараттарын пайдалану бойынша), авиациялық өрт сөндіру командасының нұсқаушысы, авиациялық өрт сөндіру тобының нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, республикалық диспетчерлік қызметтің диспетчері, инженер-инспектор, картограф, электроника-инженері, өрт сөндіру-десанты, инженер-таксатор | |
3 | Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету жөніндегі инженері), орман шикізаты ресурстары инженері (орман пайдалану инженері), орманды қалпына келтіру жөніндегі инженері (ормандарды қалпына және орман өсіру жөніндегі инженері), инженер орман патологы, орман кадастры инженері, экологиялық ағарту инженері, орман шаруашылығының инженері, орман (учаске) шебері, экскурсия жүргізуші, аумақ қорғау инспекторы, орманшы (инспектор), диспетчер, инспектор, аңшылықтанушы, биолог, орнитолог, ихтиолог, рекреация және туризм маманы, экологиялық ағарту маманы, ұшу-өндірістік қызметінің инспекторы, инженер (ұшу аппараттарын пайдалану бойынша), авиациялық өрт сөндіру командасының нұсқаушысы, авиациялық өрт сөндіру тобының нұсқаушысы, ұшқыш-бақылаушы, республикалық диспетчерлік қызметтің диспетчері, инженер-инспектор, картограф, электроника-инженері, өрт сөндіру-десанты, инженер-таксатор | |
4 |
Санатсыз біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: | |
В3 | 1 |
Жоғары санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: |
2 |
Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: | |
3 |
Екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: | |
4 |
Санатсыз біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: | |
"С" блогы (әкімшілік персонал) | ||
С1 | Басшы (Меңгеруші): механикалық-жөндеу шеберхана, мұражай, цех, өндірістік цех | |
С2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, зертханашы, кадр жөніндегі инспектор, менеджер, механик, аудармашы, референт, экономист, заң консультанты, заңгер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, бағдарламашы, кітапханашы, жұмыс өндіруші (прораб), инспектор, технолог, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер, эколог, редактор, электромеханик, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету инженері, жабдықты жөндеу және баптау жөніндегі инженер, инженер-энергетик | |
С3 | Мемлекеттік мекеменің әкімшілік-шаруашылық қызметін көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің: виварий, кеңсе, қойма, орталық қойма, шаруашылық, қазандық, учаске, мұрағат, гараж басшысы (меңгерушісі) | |
Біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: кітапханашы, бухгалтер, зертханашы, нұсқаушы, кадр жөніндегі инспектор, механик, аудармашы, референт, жұмыс өндіруші (прораб), экономист, заң консультанты, заңгер, барлық түрдегі техниктер, бағдарламашы, энергетик, технолог, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер, инженер-бағдарламашы (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, ғимараттар мен құрылыстар жөніндегі инженер, инспектор, редактор, электромеханик, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету инженері, жабдықты жөндеу және баптау жөніндегі инженер, инженер-энергетик | ||
"D" блогы (көмекші персонал) | ||
D | Техникалық орындаушылары: архивариус, ассистент, рұқсатнама бюросының кезекшісі, кассир, комендант, радиобайланыс, радиобайланысты басқарудың орталық пультінің, видеопроекциялық аппаратураны басқару және деректерді өңдеу пультінің, субстрат пен контейнерлерді дайындауды, суару жүйесін, бүрлерді, тұқымдарды қайта өңдеуді, жаңбырлатқыш қондырғыларға қызмет көрсетуді, тоңазытқыш жабдықтарына, көшіру-көбейту машиналарына, байланыс жүйелеріне, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету операторы, күзетші, хатшы, тізімдеуші, нарядшы, экспедитор, диспетчер, іс-жүргізуші |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекеме;
РММ - республикалық мемлекеттік мекеме;
РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме;
МКҚК - мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
МКК - мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;
ҚМК - қазыналық мемлекеттік кәсіпорын.