Науырзым ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Науырзым ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 81 "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіде:
15 тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшасымен толықтырылсын:
"12) Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".
2. "Науырзым ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Науырзым ауданының әкімі | М. Ихтиляпов |