Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 27-03/249-НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысының 15-тармағы 491) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 3 ақпандағы № 32-Ө бұйрығымен бекітілген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – "Ертіс орманы") мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде орман кесудің барлық түрлеріне (өтімді қоқыстарды жинаудан, тілмелерді кесуден және орман күтімін кесуден басқа) тыйым салу енгізілсін.

      2. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды заңсыз кесуден қорғау жөнiнде қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынсын.

      4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және қорғау басқармасы:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Д. Тұрғамбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады