Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Тобыл кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тобыл" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінің аумағында орналасқан тұрақты жер пайдалану құқығындағы жер учаскелеріне арынды, ажырасатын және орамішілік кәріз желілерін пайдалану үшін, оның ішінде:
жалпы ауданы 0,8954 гектар 1 учаске;
жалпы ауданы 1,7458 гектар 2 учаскесіне жария сервитуты белгіленсін.
2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесіне қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберсін;
2) осы шешімді Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жарияланғаннан кейін қол қойылған және жіберілген күннен бастап Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тобыл кентінің әкімі | А. Есмагамбетов |