Қазақстан Республикасы Жер кодексі 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес және "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 55 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобаның негізінде, Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына В2В сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және қызмет көрсету үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Асенкритов ауылдық округі, Асенкритов ауылы, Аятская көшесі, 55 ғимарат аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,0067 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде осы шешімді қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғанынан кейін "Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Муханов |