БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдардың 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 48 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерінде:
мына:
"
5 | Атырау облысы | 122 748 246 | 37 236 994 | 132 863 088 | 47 351 836 | 139 506 242 | 53 994 991 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Атырау облысы | 138 239 614 | 43 453 547 | 132 863 088 | 47 351 836 | 139 506 242 | 53 994 991 |
".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізcін;
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2024 жылғы "04" қыркүйектегі
№ 005-ДГ/43183