Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың назарына жеткізcін;
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2024 жылғы "02" ақпандағы
№ 005-ДГ/3904
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 48 бұйрығымен |
|
бекітілді |
Жергілікті атқарушы органдардың 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
Ескерту. Лимиттерге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 09.09.2024 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
мың теңге
Р/с | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
2024 жыл | 2025 жыл | 2026 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Абай облысы | 65 383 729 | 60 017 558 | 70 061 626 | 64 695 455 | 71 046 678 | 65 680 507 |
2 | Ақмола облысы | 101 100 861 | 101 100 861 | 108 744 414 | 108 744 414 | 110 348 637 | 110 348 637 |
3 | Ақтөбе облысы | 98 008 997 | 94 990 901 | 105 539 672 | 102 521 576 | 107 636 190 | 104 618 094 |
4 | Алматы облысы | 133 101 925 | 97 817 189 | 143 247 028 | 107 962 292 | 148 373 501 | 113 088 764 |
5 | Атырау облысы | 138 239 614 | 43 453 547 | 132 863 088 | 47 351 836 | 139 506 242 | 53 994 991 |
6 | Батыс Қазақстан облысы | 82 006 993 | 81 953 042 | 86 725 970 | 86 672 020 | 88 393 741 | 88 339 791 |
7 | Жамбыл облысы | 110 921 619 | 105 998 853 | 120 354 412 | 115 431 646 | 121 712 615 | 116 789 850 |
8 | Жетісу облысы | 85 725 617 | 71 340 985 | 92 900 849 | 78 516 217 | 93 680 450 | 79 295 819 |
9 | Қарағанды облысы | 120 126 218 | 120 126 218 | 129 560 176 | 129 560 176 | 132 567 425 | 132 567 425 |
10 | Қостанай облысы | 98 650 224 | 94 136 679 | 105 301 188 | 100 787 643 | 107 159 589 | 102 646 045 |
11 | Қызылорда облысы | 104 630 574 | 102 339 614 | 114 225 074 | 111 934 114 | 115 169 356 | 112 878 395 |
12 | Маңғыстау облысы | 70 892 510 | 59 088 097 | 79 965 981 | 68 161 569 | 82 296 069 | 70 491 657 |
13 | Павлодар облысы | 91 697 456 | 91 332 471 | 95 872 888 | 95 507 903 | 99 199 827 | 98 834 842 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы | 81 646 917 | 76 822 494 | 86 975 584 | 82 151 161 | 87 962 185 | 83 137 762 |
15 | Түркістан облысы | 579 107 639 | 524 725 749 | 634 569 101 | 580 187 211 | 638 707 806 | 584 325 916 |
16 | Ұлытау облысы | 27 716 177 | 27 716 177 | 30 613 425 | 30 613 425 | 31 552 670 | 31 552 670 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы | 81 909 465 | 72 715 946 | 89 203 592 | 80 010 072 | 90 962 418 | 81 768 898 |
18 | Алматы қаласы | 589 324 440 | 573 324 814 | 637 451 116 | 621 451 490 | 669 323 672 | 653 324 045 |
19 | Астана қаласы | 361 038 138 | 302 812 282 | 395 168 294 | 336 942 437 | 414 926 708 | 356 700 852 |
20 | Шымкент қаласы | 255 578 777 | 165 335 760 | 285 432 129 | 195 189 113 | 293 423 761 | 203 180 744 |
Жиыны: | 3 261 316 520 | 2 860 932 683 | 3 544 775 604 | 3 144 391 767 | 3 643 949 541 | 3 243 565 704 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер.