"Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Павлодар облысы әкімдігінің қаулысы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 275/2 қаулысы

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4-тармағымен.

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске пмыоу бойынша сатып алынатын қызметтердің құеые айқындау әдістемесі бекітілсін

      2. "Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу.

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Маликоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі А. Байханов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2024 жылғы "___" ______
№__________
қаулысымен бекітілді

Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен айқындалады. Қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағалардың құны бұқаралық ақпарат құралдарынан баға ұсыныстарын жинау және қосымшаға сәйкес ең төмен ұсынылған құнды анықтау арқылы анықталады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы қызметтің құны мына формула бойынша айқындалады:

      1) PN=BN x V X kq формуласы бойынша газеттер үшін, қайда:

      Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны;

      Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

      V – см2-мен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны;

      Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға;

      V – см2-мен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурста қызмет құны

      Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға;

      V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Теледидардағы қызмет құны

      Ptv=Btv x V формуласымен анықталады, мұнда:

      Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға;

      V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

      6. Радиоарнадағы қызметтің құны

      PR = BR X V формуласы бойынша анықталады, мұндағы:

      Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны;

      Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға;

      V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.

  Павлодар облысы бойынша
  бұқаралық ақпарат
  құралдарында мемлекеттік
  ақпараттық саясатты жүргізу үшін
  сатып алынатын көрсетілетін
  қызметтердің құнын айқындау
  Әдістемесіне қосымша

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы

Бағасы (теңге)

1

2

3

4

7

1

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

400

2

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

135

3

Қала мен аудандар аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

Қала/ аудандар

105

4

Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bm)

шаршы сантиметр

Павлодар облысы

96

5

Ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және интернет-ресурста орналастыру (Bi)

символ

Павлодар облысы

38

6

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

Павлодар облысы

39 500

7

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Павлодар облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар, видеороликтер) орналастыру (Btv)

минут

Павлодар облысы

21 994,87

8

Павлодар облысының аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br)

минут

Павлодар облысы

14 968

9

Павлодар облысының аумағында аудиороликтерді радиода әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br)

секунд

Павлодар облысы

248


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады