Екібастұз қаласының аумағында "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС жылыжай кешенінде карантиндік режим енгізіле отырып, қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) бойынша карантиндік аймақты белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 782/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларға сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 09 қыркүйектегі № 1-13/1-2-05/104 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugosefruit virus)" карантиндік объектісінің анықталуына байланысты Екібастұз қаласының аумағында "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС жылыжай кешенінде карантиндік режим енгізіле отырып, қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) бойынша карантиндік аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Бейсекин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады