Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2024 жылдың 19 ақпандағы №1-10/26 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімі ШЕШТІМ:
1. Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылы "Куаныш" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың арасында індетті лимфангит ауруының аңықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің м.а. | Ш. Жаксалыкова |