Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылы "Куаныш" шаруа қожалығының аумағындағы карантинді алып тастау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 1-03/10 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 04 желтоқсандағы №1-10/185 ұсынысы негізінде, Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Жылқылар арасында індетті лимфангит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылы "Куаныш" шаруа қожалығының аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.

      2. Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 ақпандағы "Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылы "Куаныш" шаруа қожалығының аумағында карантин белгілеу туралы" № 1-03/3 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қоянды ауылдық округінің әкімі Е. Уразалимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады