Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 2311-ЕL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Сәтбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі Көкдомбақ ауылы аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Copper Exploratoin Group"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
3. Осышешімніңорындалуынбақылаудыөзімеқалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев ауылдық округінің әкімі | М. Кокенов |
Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы "20" қарашадағы № 1-03-07 шешіміне қосымша |
Р/с | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "Copper Exploratoin Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 392,2га | Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін | 2029 жылдың 13 желтоқсанына дейін |
Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі Көкдомбақ ауылы аумағында |