Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңы 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілсін.
2. "Ертіс ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;
осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы "Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 49/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" №310/5 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Жүсіповке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шәріпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 15 тамыздағы 2024 жылғы № 165/7 қаулысымен бекітілді |
"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ертіс ауданының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан енеді.
6. Егер мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі мынадай тәртіппен белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасы сағат 9.00-дан 18.30-ге дейін, 13.00 – ден 14.30-ға дейін тынығуға және тамақтануға арналған үзіліспен, демалыс күндері-сенбі, жексенбі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140500, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
орыс тілінде-государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Иртышского района".
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. Мемлекеттік мекеменің мақсаты аудандық деңгейде халықты әлеуметтік қорғауға және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
16. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Ертіс ауданының халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) Азаматтардың заңнамаға сәйкес әлеуметтік қорғауға, еңбек бостандығына, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау;
2) қажетті ақпарат беру және жұмысқа орналастыру және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша кеңес беру негізінде еңбекке қабілетті халықтың жұмысты немесе сабақ түрін таңдаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
3) жұмыссыздар мен жұмыс берушілерге қызмет көрсетуге арналған іс-шаралар тізбесінің сапасын арттыруға және кеңейтуге бағытталған жұмыстың жаңа прогрессивті нысандары мен әдістерін енгізу;
4) Халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
5) әлеуметтік көмек пен жәрдемақы түрлерін (халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті) уақтылы және дұрыс тағайындауды қамтамасыз ету;
6) Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне бірыңғай ақпараттық технологияны енгізу, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құру;
7) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындау.
18. Өкілеттіктер:
Міндеттері:
1) аудан әкімдігінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік мекеменің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен келісім бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
3) өз құзыреті шегінде ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша лауазымды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға.
Міндеттері:
5) барлық сот органдарында және өзге де ұйымдарда аудан әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіруге міндетті.
19. Функциялар:
1) Заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды бағалау және мониторингілеу;
4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
5) жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органдарына адамдарды ерікті түрде көшіру үшін елді мекендерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін ардагерлер мен "Ардагерлер туралы" Заңның күші қолданылатын адамдардың есебін жүргізеді;
9) халықтың әлеуметтік осал топтарына: аз қамтылған азаматтарға, көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына мемлекеттік және мемлекеттік емес көздерден әлеуметтік көмек есебін жүргізу;
10) аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсету;
11) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
12) мүгедектігі бар адамдарды оңалту және оңалту жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігінің орындалуын мониторингілеу;
13) уәкілетті орган ретінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;
14) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстарды іске асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
16) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін қарайтын атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер бірлестіктері мен кәсіподақтардың өкілдерінен құралатын консультативтік комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
17) мемлекеттік және ведомстволық есептілікті жасау, оларды бағыныстылығы бойынша ұсыну, белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
20) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеу;
21) біржолғы өтемақы тағайындау және куәлік беру үшін Семей ядролық сынақ полигонының әсерінен зардап шеккен адамдарды тіркеуді және құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады;
22) Ертіс ауданының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбек эмигранттарға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Ертіс ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. Мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды.
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
6) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) мемлекеттік мекеменің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік мекеменің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.
23. Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.;
24. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (ауданның жергілікті атқарушы органы) өзара қарым- қатынастары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасымен реттеледі.
26. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.
27. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттер мен мемлекеттік орган басшысының тапсырмаларының уақытылы және толық орындалуына жауапты болады.
4. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүлкі
28. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
29. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. Мемлекеттік мекеме таратылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.